×

«Қарттар үйі мен жетімдер үйін жапқым келеді». Екі баланы құтқарған Есдәулет арманын айтты

Есдәулеттің анасы Қарттар үйінде жұмыс істейді

 Наима Нұрәлі 15.07.2022 | 15:32

13 шілде түнде Нұр-Сұлтандағы «Шерқала» тұрғын үйінің 7-қабатында екі кішкентай бала терезе торымен ойнап отырып, құлап кете жаздады.

Аулада жүрген көрші Есдәулет есімді жігіт байқап қалып, достарымен бірге баспалдақпен көтеріліп, үйге кірмек болады. Алайда есікті іштен ешкім ашпаған. Одан кейін Есдаулет көрші пәтердің балконы арқылы өтіп, ішке кіреді.

Абырой болғанда, 1 және 3 жастағы қыз бен ұл бала аман қалды. Есдәулет балаларды құтқарып қана қоймай, олардың анасы келгенше үйде отырып күткен.

Есдәулет Дәуітбеков деген жігіттің бұл ерлігін халық жаппай талқылап, бүгін өзі оқыған елордадағы №51 мектептің құрметті қонағы болды. Мектеп басшылығы Есдәулет секілді түлектерімен мақтанатынын айтып, оған 100 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Halyq Uni тілшісі өзі түлеп ұшқан мектептің ғана емес, жалпы халықтың мақтанышына айналған Есдәулеттің өзімен сөйлесіп, оның өткені мен бүгіні, отбасы мен жеке өмірі туралы бірнеше мәлімет алды.

17 жастағы Есдәулет өз баласынан бастартатын көкек аналар мен ата-анасын Қарттар үйіне тастап кететін безбүйрек жандардан «жиіркенетінін» жеткізіп, қолында пәрмен болса, мұндай орталықтардың бәрін жауып тастағысы келетінін жеткізді.

«Менің анам Қарттар үйіне жұмыс істейді. Жұмысына жиі барып тұрамын. Сол кезде біздің арамызда кішкентайынын барын беріп өсірген анасын Қарттар үйіне өткізетіндердің барын білдім. Оған дейін естісем де, мән бермейтін едім. Мен ондайды қабылдай алмайды екенмін. Қартайған шағында кішкене ғана жылулыққа мәз болатын кісілерді жалғыз тастап кету – қатігездік. Әлеуметтік қызметкерлер қанша ас-тамағын беріп, дәрігерлер күтім көрсеткенмен, туған баласының «әке немесе ана» деген сөзіне ештеңе жетпейтінін айтып отырады. Сол сияқты балалар үйінің де жабылғанын армандаймын. Өйткені әрбір бала бақытты болуға лайық болса, әрбір ата-ана баласының қамқорлығына зәру», - деп ағынан жарылды Есдәулет.

Анасы Әсемгүл Қабдықалықованың айтуынша, ұлы бір сәбидің өмірін аман алып қалу арқылы қоғамда балалар қауіпсіздігіне қатысты үлкен мәселенің барын кезекті рет көрсетті.

 құтқарып, бір әулетті қасіреттен құтқарғанмен, терезедегі қауіпсіздікті қолға алмай, қауіп сейілмейді.

«Ұлымның баланы құтқарған видеосын көргенімде жылап алдым, өзіне ұрыстым. Ол болса, «Анашым, кішкене уақыт жоғалтқанда бала құлап кетер еді, мен басқа ешнәрсені ойламадым» деп ақталды. Ана жүрегі ондай сәтте тыныш тұра алмайды ғой. Екі күн болды, халық, биліктегі кісілер ұлымның игі ісін ерлікке балап, сый-сияпатын көрсетіп жатыр. Баршаңызға алғысым шексіз. Дегенмен, бұл терезедегі қауіпсіздікті назарға алмаса, бір баланы құтқарғанмен, қауіп толығымен жойылмайды. Есдәулет кезекті рет, біздің қоғамда осындай бір мәселенің барын көрсетті», - деді Ә.Қабдықалықова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама