Елордада күйеуінен жиі таяқ жейтін әйелдер көбейген
Бұрын 102 нөміріне күніне 20-30 адам хабарласса, карантин басталғалы 50-ге жуықтаған
Елордада жыл басынан бері 2 мыңнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Оның 100-ден астамына қылмыстық іс қозғалған. Ал 314 әйел шағымын қайта алған.
Полицейлердің айтуынша, бұрын 102 нөміріне күніне 20-30 адам хабарласса, карантин басталғалы 50-ге жуықтаған. Қоңырау шалатындардың дені отбасындағы жанжалдарға шағымданады екен. Жәбір көрген әйелдердің 90 пайызын ішімдік ішкен күйеулері сабаған. Ал ондай отбасыларды полиция арнайы есепке алады.
Әйелге өзінің құндылығын, бағасын сезінуді үйретпегендіктен, болып жатқан зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Себебі оған бала күнінен бұл қалыпты жағдай емес деп ешкім түсіндірмеген. Тіпті, бұндай жиі зорлық-зомбылықты өзінің отбасында да көрген болуы мүмкін, - дейді психолог Лаура Жексембаева.
Еске сала кетсек, қазір Парламент депутаттары отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша заң жобасын қарап жатыр.