×

Алматыда металл өңдеу цехы өртенді

От 150 шаршы метр жерді шарпыған

 Динара Амантай 15.07.2022 | 10:03
Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехынан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін таңғы сағат 06:59 - да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекен-жайында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын-ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өрт 08:57- де оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама