2 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте елімізде COVID-19 жұқтырудың 1257 дерегі тіркелді:
Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 1 313 551-ге жетті.
Сонымен қатар Қазақстанда 260 адам коронавирустан айықты:
Осылайша, елімізде барлығы 1 294 493 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
15 шілдедегі мәлімет бойынша 5 483 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 588 науқас стационарда, 4 895 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 16 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 1 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған еді.