COVID-19 жұқтыру қарқыны қайта күшейіп келеді
2 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте елімізде COVID-19 жұқтырудың 1257 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 353,
- Алматыда – 349,
- Шымкентте – 103,
- Ақмола облысында – 30,
- Ақтөбе облысында – 7,
- Алматы облысында – 115,
- Атырау облысында – 23,
- Шығыс Қазақстан облысында – 15,
- Жамбыл облысында – 60,
- Батыс Қазақстан облысында – 13,
- Қарағанды облысында – 70,
- Қостанай облысында – 17,
- Қызылорда облысында – 51,
- Маңғыстау облысында – 16,
- Павлодар облысында – 9,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5,
- Түркістан облысында – 21.
Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 1 313 551-ге жетті.
Сонымен қатар Қазақстанда 260 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 65,
- Алматыда – 156,
- Ақмола облысында – 10,
- Қарағанды облысында – 7,
- Қызылорда облысында – 1.
Осылайша, елімізде барлығы 1 294 493 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
15 шілдедегі мәлімет бойынша 5 483 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 588 науқас стационарда, 4 895 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 16 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 1 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған еді.