×

Атыраудағы қос тұрғын үй кооперативінің құрылтайшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданады

Әкімдік құрылысты аяқтау үшін инвестор тартуға кірісті

 Айнұр Асылбекқызы 15.07.2022 | 09:40
фото: Halyq Uni

Атырауда «Жібек жолы» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшыларына қатысты көтерілген қылмыстық іс тамызда сотқа жолданады.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі М. Қадыров тұрғын үй кооперативінің үлескерлерімен кездесуінде хабарлады. Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың төрағалығымен өткен кездесуге облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшылары да қатысты. Сонымен қатар жиынға қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі М. Қадыров та қатысты.

Тергеу амалдары аяқталған соң, «Жібек жолы» және «Ақ Маржан» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау үшін әкімдік инвесторлар тартуға кіріседі. 

Айта кетейік, қос тұрғын үй кешенінің де құрылтайшылары - бір тұлғалар.

Бұл жағдай Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтың толық қадағалауында. Даулы мәселеге қатысты және жалпы алғандағы Атырау қаласы аумағындағы өзге де тұрғын үй кешендерін салу бойынша да өңір басшысы бірнеше мәрте кездесулер мен жиындар өткізді, - дейді мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы Ерлан Қабдинов.

Оның айтуынша, «Жібек жолы» және «Ақ Маржан» тұрғын үй кешендерін аяқтау үшін инвесторларды іздеу тек сот үкімі шыққан соң жүзеге асады. Өйткені, тергеу барысында нақты келтірілген шығын көлемі ылғи өзгеріп отыр.

«Оның үстіне, құқыққорғау органдарына арызданбаған да үлескерлер бар. Соның салдарынан әлі де келтерілген шығын көлемін анықтау қиынға соғып тұр. Өйткені, болашақ инвесторларға салынажақ қаражат көлемінің нақтылы көлемі қажет», - дейді Е. Қабдинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама