Ауылдарда байланыс сапасы жақсарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда цифрландыру, инновацияны дамытып, ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік беретін құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Құжат электронды құжаттар олардың қағаздағы баламасымен тең қолдануға мүмкіндік береді әрі цифрлық құжаттар сервисінің қолданылу аясы кеңейтіледі.
Сондай-ақ ауылдық жерлердегі байланыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді арзандату көзделіп отыр.
Айта кетейік, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы елімізде цифрландыру ісі баяу жүріп жатқанын айтқан еді.