×

Сарапшы Головкин – «Канело» айқасына қатысты біраз жанкүйердің үмітін үзді

Қос боксшы арасындағы соңғы кездесуден кейін төрт жыл өтті

 Қанат Атаманов 15.07.2022 | 08:30
Фото: ашық дереккөздерден

Британиялық журналист Бен Смит қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты өз болжамын айтты. 

Геннадий Головкинге «Канелоға» қарсы бұл жолғы айқас қиынға соғады. Қос боксшы арасындағы соңғы кездесуден кейін төрт жыл өтті. GGG ол кезде бабында еді және Альвареске үлкен қиындық туғыза алатын. Қазақстандық спортшы екі жекпе-жекте де жеңіске жетті деген ойдамын. Алайда, үшінші айқас өзгеше болады. Мексикалық боксшы қарсыласына қарағанда жас әрі физикалық дайындығы керемет. Ол Биволдан жеңілген кездде жанкүйерлердің абдырып қалғаны бар. Дегенмен, GGG-мен жекпе-жекте Альварес анық фаворит. Бұл – мен үшін ең мықты әрі көптен күткен айқас, - дейді Бен Смит. 

Еске салсақ, трилогия 17 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама