БҚО-да жүргізуші автокөлігімен 63 жастағы әйелді қағып, мерт қылды
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 шілде күні сағат 10.00-де Бәйтерек ауданының аумағында болған.
Орал-Кирсанов тас жолының 15-шақырымында 54 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен 1959 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, біз бұған дейін Оралда 4 бала қарбыздан уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылғаны туралы жазған болатынбыз.