Halyq Uni логотип
×

Қоғамдық әжетханалардың барлығы сенімгерлік басқаруға беріледі

Бүгінгі таңда шаhар аумағында 8 қоғамдық әжетхана бар

 Қанат Атаманов 14.07.2022 | 22:30
Қоғамдық әжетханалардың барлығы сенімгерлік басқаруға беріледі
Фото: ашық дереккөздерден

Қазір Атырауда бұл мақсатта ашық электронды конкурс жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров мәлімдеді

Бүгінгі таңда шаhар аумағында 8 қоғамдық әжетхана бар. Олар Авангард шағынауданы, Жеңіс саябағы, Ж.Молдағалиев, Әйтеке би көшелері, Д.Нұрпейісова атындағы Мәдениет үйі және Исатай-Махамбет алаңында орналасқан. Бүгінде сегіз нысанның біреуі ғана сенімгерлік басқаруға берілген. Қалған жетеуі осы айдың соңында конкурс аяқтала салысымен жеке кәсіпкерлерге өтеді.

Соңғы кезде тұрғындар тарапынан қоғамдық әжетханаларға деген шағым көп. Олар түнгі уақытта әжетханалардың жұмыс істемейтініне наразылық тудырады. Алайда, нысан түнгі уақытта ашық тұрса, оның ішін қирату, суын ашып кету мәселелері туындайды. Сол себепті белгілі бір режим болу қажет. Қазір нысан таңғы 07:00 ден түнгі 01.00 ге дейін жұмыс істейді, - деді Темірлан Әубәкіров.

Айта кетсек, сенімгерлікке өткен нысандарды жеке кәсіпкерлер сатып алып, өз атына рәсімдей алмайды. Бизнес иелеріне берілген әжетханалар алдағы уақытта да қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бақылауында болады. Жеке кәсіпкерлер бөлім бекіткен кесте мен арнайы келісімге сай қызмет атқарады.

Біз бұған дейін Атырауда әрқайсысы 12 млн теңгеге салынған аялдамалардың тұрғылықты жері жоқ адамдардың мекеніне айналғаны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама