Halyq Uni логотип
×

Даниал Ахметовтің қаңтар оқиғасында жағдайды кабинеттен бақылағаны рас па?

Ол өңірдегі жағдайды бақылауға ұстауға тырысқанын жеткізді

 Дәурен Ерболат 14.07.2022 | 15:15
Даниал Ахметовтің қаңтар оқиғасында жағдайды кабинеттен бақылағаны рас па?
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қаңтар оқиғасы кезінде Өскеменде болып, халықты сабырға шақырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында журналист өңір басшысына «Қаңтар оқиғасында кейбір әкімдер халықтың алдына шығып, мән-жайды түсіндірді. Алайда сіздің Өскемендегі көтерілісте халықтан қорқып, ереуілді кабинеттен бақылап отырғаныңыз айтылады. Алаңдағы халыққа мән-жайды түсіндіретіндей сіздің беделіңіз жоқ па, әлде ашулы халықтың алдына шығуға қорықтыңыз ба?» деп сұрақ қойды.

Даниал Ахметов өңірдегі жағдайды бақылауда ұстауға тырысқанын айтты.

Биыл 5 қаңтарда мен күні-түні қаладағы алаңда болдым. Өскеменде бірде-бір ғимарат берілген жоқ. Біз – әкімшілікті ешкімге бермеген жалғыз облыспыз. Мен халықтың алдында тұрдым. Бұл көптеген телеарнадан көрсетілді. Оны сіз көрмесеңіз, кешіріңіз. Әріптестеріңізден мұны сұрап алыңыз. Мен Өскемендегі алаңда халықпен бірге болдым. Олармен мәселені бірге шештік, - деді ШҚО әкімі.

Еске сала кетсек, биыл қаңтар оқиғасында 238 адам көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама