Halyq Uni логотип
×

Енді туристер Алакөлге ұшақпен бара алады

Демалыс аймағындағы инфрақұрылымды дамытуға 17 млрд теңге бөлінген

 Дәурен Ерболат 14.07.2022 | 14:50
Енді туристер Алакөлге ұшақпен бара алады
Фото: kazakhstan.travel

Биыл туристер Алакөлге ұшақпен бара алады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өңір басшысы облыста туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Нәтижесінде Алакөл жағалауын дамытуға 17 млрд теңге бөлінді. Бірнеше күн бұрын ұшып-қону жолағының құрылысы аяқталды. Енді Үржар ауылының әуежайы ұшақтарды қабылдай алады. Бұл маңызды инвестициялық шешім деп ойлаймын, - деді Даниал Ахметов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, былтыр сәуірде Үржар ауылындағы әуежай жөндеу жұмыстарына жабылған болатын.

«Өңір басшысы Даниал Ахметов Үржар ауданына жұмыс сапары аясында әуе айлағын жөндеу барысымен танысты. Қазір ұшу-қону жолағын қайта құрумен жұмыс тәжірибесі бар компания айналысып жатыр. Өкінішке қарай алдыңғы мердігер келісімшарттық міндеттемелерді орындағар жоқ. Сондықтан нысанды уақытында тапсыру мүмкін болмады», - деп хабар таратқан еді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама