Halyq Uni логотип
×

Алматыда лаңкестікке қарсы іс-шара режимі тоқтатылды

Қазір қаладағы жағдай тұрақты

 Халық үні 26.01.2022 | 10:15
Алматыда лаңкестікке қарсы іс-шара режимі тоқтатылды
коллаж: Halyq Uni

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб қазір Алматыдағы жағдай тұрақты дейді.

Қала аумағында қабылданған қаулыға сәйкес, 2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап антитеррорлық іс-шара режимі тоқтап, лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі жойылады. Сол уақыттан бастап қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді.

Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Террорлық қауіптің қазіргі деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды анықтау мақсатында көліктерді тінтуге рұқсат етіледі.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері қаза тауып, жарақаттанды. Ғимараттар мен көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама