Halyq Uni логотип
×

«Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін»: Тоқаев ревакцинацияны жандандыруды тапсырды

Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек

 Дәурен Ерболат 14.07.2022 | 12:22
«Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін»: Тоқаев ревакцинацияны жандандыруды тапсырды
Фото: admnvrsk.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СOVID-19 жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты ревакцинация науқанын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Әлемде соңғы екі аптада науқастардың саны 30%-ға артты. Қазақстанда да ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы», - деді Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осыған байланысты мемлекет басшысы мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейтіп, ревакцинация науқанын жандандыруды тапсырды.

Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал, - деді президент.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама