Мемлекет басшысы қандастардың барлық салада жұмыс істей алатынын атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында қандастарды еліміздегі өндірісі дамыған өңірлерге қоныстандыруды ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысы Үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.
Бұл ретте халықты өзге аймақтарға көшіру бағдарламасын түбегейлі қайта қарау керек. Біз тарихи отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Бірақ тек Маңғыстау өңірімен шектелуге болмайды. Басқа облыстарға - оның ішінде өндірісі дамыған аймақтарға қоныстандыруға болады. Біз қажетті жағдайды жасауға дайынбыз, - деді президент.
Оның айтуынша, қазіргі заманда жұмыс күшінің көші-қоны жүріп жатыр.
«Бұл заңды құбылысқа айналды. Осы үрдіске біздің азаматтар да үйренуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада - оның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосады деп сенемін», - деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.