×

Қылмыстық істердің саны екі мыңнан асты – Бас прокуратура

Қаңтардағы қақтығысқа қатысты жаңа деректер айтылды

 Ербол Тұрымбет 25.01.2022 | 19:29
Елдос Қилымжанов, фото: ortcom.kz

Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, ауырлататын мән-жайлар болмаса, жазаны жеңілдету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында соттар 9 257 әкімшілік істі қараған. Олардың жартысына жуығы ешқандай жаза қолданбай қаралып, сот 4 584 адамға ескерту жасаған.

Жедел тергеу топтарының өндірісінде 2044 іс бар. Осы істер бойынша 898 күдікті ұсталған. Олардың ішінде 802-і соттың санкциясымен қамауға алынды. 50-іне үйқамағы, ал 21 тұлғаға кепіл, 12-сіне ешқайда кетпеу қолхаты  тағайындалды. 13-і бойынша бұлтартпау шарасы туралы сұрақ қаралуда, - дейді Елдос Тоқтасынұлы.

Қилымжановтың айтуынша, прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлері тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түскен. Билікті және лауазымдық өкілеттерді асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеген.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, бүгінде 21 қылмыстық іс өндірісте. Олардың ішінде 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер және біреуін арнайы прокурор тергеуде. 43 арыз бойынша тексерулер жалғасып жатыр. Бірақ 22-сі дәлелін таппаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама