×

Шымкенттік полицей инспекторлардан 5-10 мың теңгеден пара алып келген

Антикор жағдайға түсініктеме берді

 Еркеғали Болатұлы 13.07.2022 | 17:23
фото: ашық дереккөз

Жүйелі түрде пара алып келген күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады. Бұл жергілікті полиция қызметіндегі алғашқы қылмыс емес.

Жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі оны растағанмен, егжей-тегжейлі түсіндіруден бас тартқан. Ал Антикор жағдайға түсініктеме берді.

8-ротаның командирі әшкереленді. Ол қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін инспекторлардан 5-10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде жүйелі негізде пара алды, - делінген Антикор хабарламасында.

Белгілі болғандай, 7 шілдеде Шымкент тергеу соты күдіктіні 2 айға қамауға алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама