СҚО-да аңшы жидек теріп жүрген әйелді атып алды

Еркеғали Болатұлы

Күдікті ауруханаға әйелді өзі жеткізбек болған

фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстанда орманға жидек теруге барған Алтынай Мұздақбаева атты әйел аңшы қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Жамбыл ауданының Бауман ауылында болған.

Оқ марқұмның кеуде тұсына тиген. Күдікті ауруханаға әйелді өзі жеткізбек болған. Алайда ол ауыр жарақат салдарынан жолда жан тапсырған.

Адамның қайтыс болуы туралы баппен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысты жасаған адам Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша ұсталып, Жамбыл аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді аудан прокуроры Талғат Төлегенов.