Жыл басынан бері 60 мыңға жуық адамға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленді
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 59,8 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Соның ішінде биыл 50 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен төленеді.
Айта кетерлігі, жәрдемақы тағайындағанда сіздің жұмыстан айырылу себебіңізге қарамайды. Әлеуметтік төлем жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.
Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты.
Бұл жұмыссыздарды тіркеу және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен жасауға болады.