×

Ақтөбелік зейнеткер 24 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберген

Шілде айында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз ер адам зейнеткерге қоңырау шалған

 Қанат Атаманов 13.07.2022 | 08:30
Фото: ашық дереккөздерден

66 жастағы зейнеткер полицияға хабарласып, көмек сұрады. Алаяқтың арбауына түскен ол жинаған ақшасы мен мүлкін беріп қойған.

Қария өзінің жылжымайтын мүлкі мен барлық қаражатынан айырылды. Нақтыласақ, шілде айында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз ер адам зейнеткерге қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операцияны әдеттегі жұмыс деп түсіндірді. Тіпті, жәбірленушіге банк шотын қорғау туралы ұсыныс айтты. Сөйтіп күдікті зейнеткерден барлық жинағын депозиттен «қауіпсіз» шотқа аударуды сұрады. Мүлкін де сатуды ұсынды. Жәбірленуші оған сеніп, 24 миллион теңгесінен айырылды, - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шараларды қолға алды.

Біз бұған дейін Ақтөбеде 16 жастағы қыз жігітімен бірлесіп, өз анасын өлтіргені туралы жазған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама