Halyq Uni логотип
×

Оралда 4 бала қарбыздан уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Ата-ананың айтуынша, балалар 9 шілде күні қарбыз жеген

 Қанат Атаманов 13.07.2022 | 05:30
Оралда 4 бала қарбыздан уланды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды
Фото: inform.kz

БҚО Төтенше жағдай жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 шілде күні сағат 11.02-де Зачаган кентіндегі Қамбар батыр көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде болған.

Ата-ананың айтуынша, балалар 9 шілде күні қарбыз жеген. Салдарынан 1, 6, 9 және 11 жасар балалар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта олардың жағдайлары орташа ауыр. Балаларға өткір гастроэнтероколит деген диагноз қойылды. Алайда, дәрігерлер балалар қарбыздан уланды дегенге күмәнмен қарап отыр. Өйткені арада бірнеше күн өткен.

Балалар 11 шілде күні ауыра бастаған. Алдымен 1 жасар бала сырқаттанған, бірақ ол қарбыз жемеген. Сондықтан қарбыздан уланғандарына үлкен күмәніміз бар. Қажетті талдаулар алынды. Соның қорытындысына сәйкес аурудың нақты себебі белгілі болады, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Оралда ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар ұл баланың екінші қабат терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама