Оңтүстік облыстарда электр энергиясы қалпына келтіріліп жатыр - Энергетика министрлігі
Қазақстанның энергия жүйесіндегі жағдай туралы белгілі болды
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 25 қаңтарда сағат 11:59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Орталық Азияның энергия жүйесіндегі елеулі авариялық теңгерімсіздікке байланысты «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500 кВ электр энергиясының транзитіне қуат түсірілді.
Нәтижесінде, Қазақстанның оңтүстік аймағы тұтынушыларының едәуір бөлігін ажырату арқылы «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің авариялық бөлінуі орын алды. Шектеулер көлемі 1500 мегаваттан асты. Оның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысында – 1000 МВт, Жамбыл облысында – 300 МВт, Түркістан облысында – 500 МВт және Қызылорда облысында - 200 МВт, – дейді ведомство.
Жиіліктің отырып қалуы салдарынан (47 Гц-тен төмен) Өзбекстан, Қырғызстан энергия жүйелері толық өшірілді. Автоматика жұмысымен Жамбыл ГРЭС, Шымкент ЖЭО-3, Қызылорда ЖЭО-6 және Алматы облысының электр станцияларының толық өшірілуіне жол берілмеді. Аталған облыстардың тұтынушылары шамамен 500 МВт электрмен жабдықталды. Автоматика әрекетімен Алматы энергия торабы шамамен 700 МВт электр тұтынуды сақтай отырып, оқшауланған жұмысқа бөлінді. Сағат 13:39-да ұлттық электр желісі Алматы энергия торабының қалыпты схемасы толық қалпына келтірілді. Алматы және Алматы облысының өңірлік электр желілік компаниялары шектеулерді алып тастады. Оңтүстік облыстарды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Алматы қаласы жарықсыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.