×

Жүргізуші куәлігін Kaspi.kz арқылы-ақ ауыстыратын мүмкіндік ашылды

Куәлікті ауыстыру процесі өте оңай

 Еркеғали Болатұлы 12.07.2022 | 17:09
фото: kaspi.kz

Егер жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталуға жақын қалса, оны Kaspi.kz суперқосымшасында небәрі бір сағатта ауыстыруға болады.

Жаңа сервисті Kaspi.kz ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және ақпараттық-өндірістік орталығымен бірлесіп, ІІМ қаржы және технологиялық компаниялармен ықпалдасуды оңтайландыратын инновациялық жүйесінің көмегімен әзірлеген.

Куәлікті ауыстыру процесі өте оңай. Тура қосымшада суретті және медициналық анықтаманы жүктеп, мемлекеттік бажды комиссиясыз төлеп, жаңа жүргізуші куәлігін цифрлық құжаттардан алу керек. Сондай-ақ жаңа жүргізуші куәлігін алып кетуге ыңғайлы ХҚКО-ны таңдауға болады.

Өткен жылы автокөлікті онлайн қайта тіркеуді іске қосқанбыз, қазір еліміздегі әр үшінші автокөлік Kaspi.kz арқылы онлайн тіркеледі. Жақында автокөлікті онлайн кепілге қою немесе кепілден шығару сервисін қостық. Енді Kaspi.kz суперқосымшасында жүргізуші куәлігін небәрі бір сағатта ауыстыратын жаңа сервис әзірленді. Қазақстандықтарға арналған осындай керемет сервистер командамыздың, ІІМ, Цифрландыру министрлігінің және басқа да мемлекеттік ведомстволардың бірлескен табысты жұмысының арқасында іске қосылды, – деді Kaspi.kz-тің басшысы Михаил Ломтадзе.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі бизнес пен мемлекеттің ынтымақтастық орнатуы қазақстандықтардың өмірін жақсарта түскенінің тағы бір мысалы екенін атап өтті.

«Куәлікті ауыстыру қажеттігі туралы хабарламаға қарамастан, көптеген автоәуесқойлар мерзімі өтіп кеткен куәлікпен ХҚКО-ға келеді. Бұл қосымша қиындықтар туғызады. Себебі медициналық комиссиядан өту, медициналық анықтама беру қажет болады. Бұл – қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін қолайлы жағдай жасайтын және ХҚКО-ның жұмысын жеңілдететін пайдалы әрі қажетті қызмет», - дейді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама