Шымкент тұрғыны қой сатып алуға берілген 13,5 млн теңгені жымқырды
Ол 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 млн.теңгеге өтінім берген. Алайда, сотқа дейінгі тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды, – делінген хабарламада.
Келтірілген залал толық өтелді.
Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.