Ыстық тамақ пен қонақ үй: Әуе рейсі кешіктірілгенде қандай тегін қызметтер көрсетілуі керек
Қазақстанның ішкі рейстерінде әуе рейстерінің кешігуі жиі кездеседі
Қазақстан заңнамасына сай, әуе сапарлары кешіккен немесе кейінге шегерілген жағдайда тасымалдаушы компания тарапынан жолаушыларға бірқатар тегін қызметтер көрсетілген, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі egov.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда әуе рейстерінің кешіктірілуі жиі кездеседі. Ондай жағдайда авиажолаушылардың құқығын «ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заң» қорғайды. Аталған заңның 86 бабында тасымалдаушының рейс болмаған немесе кідірген кездегi жолаушы алдындағы жауапкершілігі көзделген.Тасымалдаушының кінәсінен әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде бірқатар шаралар көзделген.
Біріншіден, 7 жасқа дейінгі балалы жолаушыға тасымалдаушы ана мен бала бөлмесін ұсынуы міндетті. Сонымен қатар:
Егер бұл нормалар орындалмаған жағдайда тасымалдаушы Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.
Сонымен бірге, жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығымен бекітілген) 39 және 40 тармақтарына сәйкес, авиакомпания жолаушыға көрсетiлген қызмет көрсетудi ұсыну нәтижесiндегi немесе соған байланысты оның шығындарын өтейдi.
Авиакомпанияның кiнәсінен жолаушыны тасымалдау кiдiртiлген кезде, егер ол еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, компания жолаушыға әрбiр кiдiртiлген сағат үшiн билет (кiдiрiс болған ұшу учаскесiнде) құнының 3 пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Алайда өндiрiп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билет құнынан аспауы қажет.