Halyq Uni логотип
×

Елена Рыбакина Wimbledon турнирінде қалай жеңіске жеткенін айтты

Кәсіби спортшы алдағы турнирлерде де жеңімпаз атанғысы келеді

 Дәурен Ерболат 12.07.2022 | 15:44
Елена Рыбакина Wimbledon турнирінде қалай жеңіске жеткенін айтты
Фото: Halyq Uni

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Wimbledon турнирінде жеңіске жетуге не көмектескенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол беделді турнирде психологтың көмегенін алмағанын жеткізді.

Мен ешқашан психоларгтармен жұмыс істеген жоқпын. Мен – жас спортшымын, әрі тәжірибе жинап жүрмін. Олимпиадада өкінішті жағдай болды. Онда өзімді жайсыз сезіндім, ауырдым. Алайда Олимпиадада жинаған тәжірибемнің арқасында Wimbledon турнирінде осындай нәтижеге жеттім. Қазір болып жатқандың бәрі тәжірибенің арқасы. Алдағы уақытта әлі де жетістікке жеткім келеді, - деді ол елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Елена Рыбакина Лондонда өткен Wimbledon турнирінде жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ теннисші 2021 жылғы Токио Олимпиадасында жүлдесіз қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама