×

Қазақстанда байланыс операторларына салынатын айыппұл көлемі 10 есе өсті

Елімізде сапасыз интернет қызметіне жауапкершілік күшейтілді

 Ербол Тұрымбет 12.07.2022 | 14:21
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда байланыс операторларына сапасыз қызметі үшін салынатын айыппұл көлемі 100 АЕК-ден 1000 АЕК-ге өсті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Цифрлық даму министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп, операторлардың стандарттарға, техникалық нормалар мен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шараларды әзірледі. Енді заң бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 100 АЕК орнына 1000 АЕК айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл сомасы 200-ден 1500 АЕК-ке дейін болады.

Ведомство мәліметінше, байланыс сапасының нашарлығына қатысты шағымдар саны 10 есе өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша министрлік 562 тексеру жүргізді (2020 жылы 51 тексеру, ал 2019 жылы 93 тексеру жүргізілді).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама