Halyq Uni логотип
×

Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын

Антикор басшысы халықаралық ұйымның делегациясымен кездесті

 Динара Амантай 12.07.2022 | 12:00
Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын
Фото: @antikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Антикор басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады. Бизнесті қорғау мәселелері де талқыланды.

Еуропалық әріптестер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалап, ГРЕКОның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен озық тәжірибелеріне сәйкестігіне ұмтылысын атап өтті. Дамудың маңызды векторы Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылуға дайындығы атап өтілді.

Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Т. Хакала.

Пікірталастың жеке тақырыбы қаңтар оқиғаларына байланысты азаптау туралы мәлімдемелерге қатысты істерді тергеу болды.

«Қазіргі уақытта 171 іс аяқталды. 177 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Стамбул хаттамасының барлық талаптары сақталуда», - деді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама