Қазақстанның +997 кодына толыққанды қашан көшетіні белгілі болды

Ая Өміртай

КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген

коллаж: Halyq Uni

Қазақстан +997 телефон кодына 2025 жылдың қаңтарына дейін толық көшеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінен хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде байланыс желілерінде +997 телефон кодына көшу жоспары әзірленіп, бекітілген. Жоспарға сәйкес, Қазақстан +997 телефон кодына 2025 жылдың қаңтарына дейін толық көшеді.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, Халықаралық электр байланыс одағының ұсынысы бойынша қазақстандықтар екі жыл бойы қолданыстағы және жаңа телефон кодын қатар пайдаланады.

Еске салайық, 2021 жылдың қыркүйегінде БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын.

Қазақстан +997 кодын алғаннан кейін де 702 және 705 деген операторлардың кодттары өзгеріссіз қалады. Осы кодтар арқылы нөмерді актив немесе билайн екенін анықтауға болады. Яғни ұялы телефон нөмірлері +997 702 (немесе 705) деп басталады.