Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
Ол 9 жылға сотталған болатын
Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының (Алагөзова) бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сот мәліметінше, Баян Мақсатқызы экс-күйеуі Бақытбек Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келіскен.
Еске сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталған еді. Оған өз әйелін өлтіруге оқталды, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деп айып тағылды.
Сот жабық түрде Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билерінің қатысуымен өтті.