×

Құрбандықтан қашқан: Қостанайдың қақ ортасында сиыр тұрғындарды жарақаттады (ВИДЕО)

Осылайша ол қаланың тең жарымын шарлаған

 Еркеғали Болатұлы 12.07.2022 | 11:08
фото: видеодан скриншот

Қостанайда қаланың қақ ортасында сиыр 3 адамды жарақаттаған. Кейін жануардың союға апара жатқанда көліктен секіріп түсіп қалғаны белгілі болды.

Қаланың шуынан үріккен сиыр айнала жүгіріп, жолында кездескендерді жайпап өте берген. Qazaqstan арнасының хабарлауынша, ол осылайша қаланың тең жарымын шарлаған. Ақырында оны бірнеше ер адам мен полицейлер оқу орындарының бірінің ауласынан ұстаған.

Жануарды тексерген ветеринарлар оның Әулиекөл тұқымына жататынын, денсаулығында еш ақау жоқ екенін анықтады.

Күллі қаланы дүрліктірген сиыр «ауыр жаза» – ет комбинатына жөнелтілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама