Қазақстанда коронавирус қайта өршіді: 16 адамның жағдайы ауыр
Бүгінде 3 211 науқас СOVID-19-дан емделуде
Елімізде коронавирус жұқтырған 16 адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 3 211 адам ем алып жатыр.
Оның ішінде 401 пациент стационарда, 2 810 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта 16 науқастың жағдайы ауыр, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 млн 532 мың 425 адам, екінші компонентін 9 млн 316 мың 66 адам салдырды.
COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 310 мың 370-ке жетті, ал 1 млн 293 мың 556 адам коронавирустан айықты.