×

Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы бетонның астында қалып қойды

37 жастағы Сарыағаш ауданының тумасы оқиға орнында көз жұмды

 Халық үні 25.01.2022 | 11:27
көрнекі фото: time.kz

Шымкентте құрылыс алаңында 37 жастағы жалдамалы жұмысшыны бетон плита басып қалып, Сарыағаш ауданының тумасы оқиға орнында көз жұмды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бағаналарға бекітілген бетон жабын кенеттен құлап кеткен. Осы кезде сонда болған ер азамат қашып үлгермесе керек.

Мамандар бетон астынан мәйітті алып шығу үшін кинологтың көмегіне жүгінген.

Құтқарушылар бұрынғы «көкөніс базасының» аумағында «Кулиев» ЖК тиесілі сауда үйін салып жатқанда төбе жабынының бетон плиталары құлап кеткенін анықтады. Оқиға орнында Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тумасы 1985 жылы туған азамат көз жұмды, - дейді Шымкент ТЖД құтқару жасағының жетекшісі Орынбасар Төртбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама