Құрбан айт қарсаңындағы сұрақ: Жабайы қабанның етін жеуге бола ма?
Шошқаның да, қабанның да түбі бір
Мұсылмандар үшін шошқаның еті харам саналады. Ал жабайы қабанның етін жеуге бола ма? Егер байқаусызда шошқа етін жеп қойса, не істеу керек? Бұл сұрақтарға дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді.
Қабанды жабайы болғаны үшін жей беруге болмайды. Себебі шошқаның да, қабанның да түбі бір. Екеуі де біздің асыл дінімізде харам саналады, екеуінің де етін жеуге рұқсат жоқ. Ал егер байқаусызда шошқаның немесе қабанның етін жеп қойса, Алладан кешірім сұрап, тәубеге келу қажет. Тоқтаусыз кешірім сұрайтын болса, мейірімі шексіз Алла бәрін де кешіреді, - дейді дінтанушы.
Сондай-ақ ол харам етті жеп қойған адам дереу тәубесіне түсіп, бір жақсылық жасайтын болса, күнәсі жеңілдей түсетінін еске салды.