Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеген
Қарағанды қаласының білім бөлімі хабарлағандай, маусым айының соңында №50 мектептің спорт залында ішкі жөндеу жұмыстары басталған.
Мердігерлер спорт залдың төбесіндегі жұмсақ шатырға жөндеу жұмыстарын жүргізді. 8 шілде күні сағат 21.00-де спорт залдың шатыр тіреулері құлап кеткен. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Мектеп ғимаратында апаттың белгілері болған жоқ, - деді аудандық білім бөлімінің мамандары.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тергеу жүргізу және болған оқиғаның себептерін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылды.