«Мен Қазақстан спортшысымын, туған жерімді таңдаған жоқпын» – Елена Рыбакина

Қанат Атаманов

Көрермендердің арасында Қазақстан туын ұстағандар көп болды

Фото: ашық дереккөздерден

«Уимблдон – 2022» чемпионы, қазақстандық кәсіпқой теннисші Елена Рыбакина маңызды жеңісінен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген болатын.

Журналистердің бірі «Ресей «Үлкен Дулыға» турниріндегі жеңісіңізді саяси мақсатта пайдалануы мүмкін бе?» деген сұрақ қойған.

Мен бұған дейінгі сұхбатымда жарыстарға Қазақстанның атынан шығып жүргеніме біраз жыл болғанын айтқан едім. Қазір де бұл пікірім өзгерген жоқ. Ірі турнирлерде, менің арманым болған жазғы Олимпиада ойындарында бұл елдің атынан қатыстым. Айтайын дегенім, әрқашан да алып-қашпа әңгімелер, әртүрлі жаңалықтар болады. Бірақ мен оларға қарсы ештеңе істей алмаймын. Қайталап айтамын, мен Қазақстан спортшысымын, туған жерімді таңдаған жоқпын. Қазақстан маған сеніп, үлкен қолдау білдірді. Бүгін де олардың қолдауын сезіндім. Көрермендердің арасында Қазақстан туын ұстағандар көп болды, - деп жауап берді бұл сұраққа Елена Рыбакина.

Айта кетсек, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өткен Wimbledon (Уимблдон) турнирінің финалында әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңген болатын.