Шри-Ланка президенті отставкаға кетті
Бұған дейін ел премьер-министрі Ранил Викрамасингхе де «азаматтардың қауіпсіздігі үшін» қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген
Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса Коломбода тәулік бойы өткен халық шеруінен кейін отставкаға кетті. Бұл туралы кеше парламент спикері Махинда Япа Абейвардена мәлімдеді, деп хабарлайды Еuronews.
Тәртіп сақшылары аспанға оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды, бірақ халықты тарата алмады. 45-ке жуық адам жарақат алды.
Бүгін біз жекпе-жекте жеңіске жеттік десем, қателеспеймін. Барлық келіспеушіліктерді қоя тұрып, президенттің үйін басып алдық. Біз Готабая Раджапакса мырзаның отставкаға кетемін деген мәлімдемесін күтеміз, - дейді наразылық білдірушілердің бірі, Коломбо тұрғыны Мохамад Имран.
Шри-Ланкада наразылық шаралары 9 шілдеде шарықтау шегіне жетті. Мыңдаған адам президент резиденциясын басып алды. кен наразылық шаралары бірнеше айдан бері жалғасып келеді.