Halyq Uni логотип
×

Сыбайлас жемқорлық, мұғалім мен директор арасында олқылық көп – Аймағамбетов

Министр Түркістан облысындағы жұмыс сапарын қорытындылады

 Халық үні 10.07.2022 | 13:09
Сыбайлас жемқорлық, мұғалім мен директор арасында олқылық көп – Аймағамбетов
Фото: ашық дереккөздерден

Оның сөзінше, өңірде білім саласында қордаланған мәселе көп.

Әсіресе, мұғалім мен мектеп директорлары қарым-қатынасындағы олқылықтар бойынша аталмыш өңір көшбасында тұр.

Министр жұмыс сапарындағы басты мәселелерді әлеуметтік парақшасында тізді. Сөзіне сүйенсек, Түркістан облысындағы тұрғындарды негізінен білім саласындағы жүйелі проблемалар емес, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру қызметкерлеріне қатысты жеке сұрақтар толғандыратыны байқалған. Әсіресе, еңбек дауларына қатысты мәселе көп.

Көптеген сұрақ мұғалімдер мен мектеп директорларының қарым-қатынасына қатысты болды. Мұндай антирейтингте Түркістан облысы республика бойынша "көшбасшы" саналатынын атап өткім келеді. Осы бағытта тиісті жұмыс жүргізу қажет, — деді министр.

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымдар да болғанын айтты. Енді бұл ақпарат зерттеліп, тексеру қорытындысы бойынша шара қабылданады.

Осылайша 3 сағатқа созылған кездесуде 500-ден аса тұрғынның сауалына жауап берген министр, өңірдегі білім басқармасы басшысына қордаланған мәселені барынша оң жолға қоюды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама