Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Халық үні

Тиісті жарлыққа Президент қол қойды

фото: Halyq Uni

Желіде «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы» құжат мәтіні жария болды. 

Жарлық мәтіні online.zakon.kz порталында жарияланды. 

2022 жылғы 19 қаңтардағы құжатқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құруды қаулы етті. Сондықтан осымен байланысты өзгерістер мен толықтырулар бекітіледі, – делінген ақпаратта.

Үкіметке осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды. Құжаттың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.