Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
Тиісті жарлыққа Президент қол қойды
Желіде «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы» құжат мәтіні жария болды.
Жарлық мәтіні online.zakon.kz порталында жарияланды.
2022 жылғы 19 қаңтардағы құжатқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құруды қаулы етті. Сондықтан осымен байланысты өзгерістер мен толықтырулар бекітіледі, – делінген ақпаратта.
Үкіметке осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды. Құжаттың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.