Halyq Uni логотип
×

Маңғыстаулық мектеп директоры өз айыппұлын мұғалімдерден ақша жинап төлемек болған

Өңірде мектеп басшылығының үстінен 11 арыз-шағым түскен

 Динара Амантай 08.07.2022 | 17:53
Маңғыстаулық мектеп директоры өз айыппұлын мұғалімдерден ақша жинап төлемек болған
Фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысында мектеп басшыларының тарапынан жасалған бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингіде мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңір бойынша мектеп директорларының үстінен 11 арыз-шағым түсіп, 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Анықталғанындай, бір мектептің директоры өзіне бөлінген сабағын өткізбеген, сол арқылы жалпыға білім беру стандартының талаптарын бұзған. Сол мектепте «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптары да бұзылған. Директор мұғалімдерге мектепке қажетті құрал алуға тапсырма берген. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мұғалімнің 3 сағат жүктемесін заңсыз алып, оқу бағдарламасы орындалмаған. Сонымен қатар, тағы бір мектеп басшысы өзіне салынған айыппұлды төлеу үшін мұғалімдерден ақша жинаған. Соған сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды, – деді Есболат Өмірзақ.

Сонымен бірге жоспардан тыс тексеру барысында бір колледж басшысының атқаратын қызметіне бейіні сәйкес келмейтін мамандарды жұмысқа қабылдағаны расталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетовтың Түркістан облысын аралап, ондағы мектептерден бірқатар олқылықтарды анықтағанын жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама