«Алтын Орда» базарындағы төбелесте жарақат алған жігіт қайтыс болды (ВИДЕО)
Жанжалдан кейін жәбірленуші үйіне барып, есінен танып, комаға түскен
«Алтын Орда» базарында тонаушыдан ұялы телефонын қайтарып алмақ болған кезінде күдіктіден жарақат алған 23 жастағы Алматы тұрғыны көз жұмды. Артында жүкті әйелі қалды.
Айта кетсек, 14 маусымдағы жанжалдан кейін жәбірленуші үйіне барып, есінен танып, комаға түскен.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі күдіктінің жеке басы анықталғанын жеткізді. Қазір оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған дерек бойынша қосымша тергеу әрекеттері ұйымдастырылып, нәтижесінде қылмыстық істі қайта саралау мәселесі қаралатын болады, - деп хабарлады ведомстводан.