Halyq Uni логотип
×

Астанаға есірткіні жеткізетін жол анықталды

Екі адамның өзінен 32 килодан астам гашиш тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 08.07.2022 | 17:00
Астанаға есірткіні жеткізетін жол анықталды
фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласына есірткі заттарын жеткізу жолы анықталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы хабарлады.

Полиция қызметкерлері елордаға кіре берісте Қарағанды – Нұр-Сұлтан тас жолында Toyota Еstima маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісінен салмағы 16 килодан асатын гашишті тәркіленді.

Көлікте қылмыстық топтың 23 жастағы ұйымдастырушысы мен 20 жастағы сыбайласы болған. Күдіктілер есірткіні Шу қаласынан әкеліп, астанада сатқысы келген. Олар есірткіні 16 миллион теңге сатар еді, –  делінген хабарламада.
 

Одан кейін полицейлер дәл осы жолда Toyota Camry 50 маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісінен тағы 16 килодан астам гашиш есірткі затын тәркіленді.

Осы екі фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі, яғни «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталғандар қамауға алынды. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Акбаровтың айтуынша, астанаға есірткіні әкелгісі келетін адамдардың жолы қатаң түрде кесілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама