Halyq Uni логотип
×

Биыл Астана күнін тойлауға қанша қаржы бөлінді?

Концерт тегін ұйымдастырылды

 Дәурен Ерболат 08.07.2022 | 16:57
Биыл Астана күнін тойлауға қанша қаржы бөлінді?
Фото: Sputnik

Елорда әкімі Алтай Көлгінов биыл Астана күнін тойлауға қанша ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Біз мерекені тойлауға қатысты тәсілді өзгерттік. Мысалы 2019 жылмен салыстыратын болсақ, биыл қала күнін тойлауға 5 есе аз қаражат жұмсалды. Біз 100-ден аса іс-шара ұйымдастырдық. Онда 120 мыңнан аса тұрғын болды. Барлығына 200 млн теңге жұмсалды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5 есе аз, - деді Алтай Көлгінов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Астана Арена» стадионындағы Open Air концертіне 27 мың адам қатысқан.

«Концерт тегін ұйымдастырылды. Шығынды біз өтедік. Ақылы 2-3 концерт болды... Қалған іс-шаларалар тегін ұйымдастырылды», - деді қала әкімі ағынан жарылып.

Сондай-ақ ол қала күніне орай отшашу жоспарланғанын атап өтті.

«Отшашу жоспарланды. Бірақ сол күні жаңбыр жауып, жел соғатын болды. Сондықтан біз тәуекелге бармадық. Қала күні кешке жаңбыр жауды. Талап бойынша бұл күні отшашуға болмайды», - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, осыған дейін елорда әкімдігі Астана күніне орай отшашу жоспарланбағанын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама