Ерұлан Құсайынов пен Абай Әлімов «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болған
«Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының Skyline Investment Company компаниясының екі өкілі шығарылды.
«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы жарғыға және компанияның директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізді. Басқармадағы директорлар саны 9-дан 7-ге дейін қысқартылды», - деп хабарлады Қазақстан қор биржасы (KASE).
Жарияланған құжатқа сәйкес, акционер – Skyline Investment Company мүддесін қорғаған «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Ерұлан Құсайынов пен Абай Әлімовтің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Олармен бірге Александр фон Глейх те шығарылды.
Еске сала кетсек, биыл 13 наурызда Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған болатын. Ал 12 сәуірде монополиясыздандыру жұмыстары аясында оның бақылауындағы компаниялар – Alatau Capital Investments және Skyline Investment Company S.A. компанияларына тиесілі «Қазақтелеком» компаниясының 30 пайызға жуық акциясы мемлекет меншігіне қайтарылды.