Таластағы балабақшада 2 жастағы бүлдіршінді қатарласы 19 жерінен тістелеп тастаған

Халық үні

Аудандық білім беру бөлімі тек ескерту берумен шектелмек

фото: ашық дереккөзден

Жамбылда балабақшада 2 жастағы бүлдіршінді өзімен жасты бала 19 жерінен тістелеп тастаған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл Талас ауданындағы балабақшада болған оқиға. Тілі толық шықпаған баланы өзімен жасты бүлдіршін басынан аяғына дейін тістеп тастаған. Ал жәбір көріп, қатты шошынған бүлдіршін қазір ауруханада ем алып жатыр.

Балабақшаның бір емес, жиырмаға жуық қызметкері қайда болғаны белгісіз.

Балабақша басшылығы бұл жағдайды жасырмақ болған. Есікті қалқалап, журналистерді жолатпаған күзетші балабақша меңгерушісінің күйеуі болып шықты.

Сау-тамтығы балмаған бүлдіршіннің туғандары балабақша бөлмелерінде бақылау камералары болмағаны және бүлдіршіндерді қараусыз қалдырғаны үшін мекеме басшысы мен қызметкерлерінің жұмыстан кетуін талап етіп отыр.