Алматыда бастауыш сынып оқушылары тұрғын үйлердің 1-қабатында оқуға мәжбүр
Жыл соңына дейін 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2,4 пайызға, мектептердегі оқушы орындарының саны 5 пайызға дейін өседі
Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Оның айтуынша, халық санының біршама өсуіне және жаңа аумақтардың қосылуына байланыстыәлеуметтік инфрақұрылымның тапшылығы айтарлықтай қиындық туғызып отыр.
Мемлекеттік мектептердің бастауыш сыныптарын филиал ретінде тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарына орналастыру тетігі қарастырылып жатыр. Мысалы, 2022 жылдың басынан бері 3 316 орындық 54 жекеменшік балабақша ашылды. Осы жылдың соңына дейін тағы 1 460 орындық 17 балабақша, оның ішінде 560 орындық 2 мемлекеттік балабақша ашылатын болады, - деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар ол жыл соңына дейін 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2,4 пайызға, мектептердегі оқушы орындарының саны 5 пайызға дейін өсетінін алға тартты.
«Биыл орта білім беру саласында 13,8 мың орынға есептелген 18 объектіні пайдалануға бермекпіз. Оның ішінде 10 750 орынға 11 жаңа мектеп, 1270 орынға 5 қосымша құрылыс, 1800 орындық 2 ғимаратты сатып алу жоспарланып отыр», - деді Ерболат Досаев.