Halyq Uni логотип
×

Енді қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен қатынайды

Тиісті құжат бекітілді

 Халық үні 21.01.2022 | 19:59
Енді қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен қатынайды
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық келісімді ратификациялады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан үкiметi мен Америка Құрама Штаттары үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан заңына қол қойды, - делінген Ақорда сайтында.

Екі ел үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге 2019 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылған болатын. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру.

Кез келген отандық әуе компания еліміздің кез келген қаласынан Америка Құрама Штаттарының кез келген қаласына шектеусіз жиілікпен жолаушылар рейсін, сондай-ақ АҚШ пунктері мен Америка Құрама Штаттарынан тыс кез келген пункт арасындағы жүк рейсін орындай алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама