Halyq Uni логотип
×

Ұлытауды көркейтеміз деп Жездіні құлаттық – ардагер кенші

Бұл үлкен қателік болды

 Еркеғали Болатұлы 07.07.2022 | 12:51

Марганецтің мол қоры бар Жезді кентінің тұрғындары қалашықтың күйреуі Ұлытау ауданына қосылғаннан кейін басталды деп өкпелі. Бұл туралы «Сұрауы бар» YouTube арнасы дайындаған арнайы репортажда айтылды.

Жезді ауданының өзінде 30-35 мың халық болған. Совет үкіметі құлағаннан кейін Ұлытауды көркейтеміз деп екі ауданды біріктірді. Бұл үлкен қателік болды. «Ойбай, Жездіде шахта, фабрика бар, құламайды» деп Ұлытауға қосты. Кенттің әкімшілік-территориялық аумағы өзгергендіктен экологиялық жәрдемақылар да үзіліп қалды, - дейді жезділік белсенді ардагер кенші Мұхамеджан Мырзабек.

Оның айтуынша, Жезді де Арал апатты аймағына жатады. Сол 1992 жылы заң қабылданған кезде жеңілдіктер болатын. Зейнетақыға ақша қосылатын, оқуға, денсаулық сақтауға жеңілдіктер беретін. Қазір ол жоқ.

«Бір-ақ қана бюджеттік мекемелерде істейтіндер жалақыларына 20% қосымша алады. Ал зейнеткерлерге қарттар үйіне аудан орталығынан жолдама береді екен. Бұл мазақ қой! Мен Берік Әбдіғали депутат болып жүргенде өзіне айттым, одан да бірден о дүниеге беріңдер деп» - дейді Мұхамеджан Мырзабек.

Алайда Ұлытау ауданының әкімі Жезді кеніштерінің жабылуының ауданның таратылуына түк қатысы жоқ дейді.

«Фабрикада кезінде бір мекемелер істеді, астынан су шықты, содан кейін жапты. Тереңнен алуға күші жетпеді, ауданның жабылуына байланысты емес», - дейді әкім Советбек Медебаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама