Halyq Uni логотип
×

Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Ол осыған дейін министрлік құрылымындағы түрлі бөлімдерді басқарған

 Дәурен Ерболат 07.07.2022 | 10:59
Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Бейбіт Есенбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастады.

2009-2011 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.

20011-2013 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.

2017-2020 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2020 жылғы қыркүйектен бастап – Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама